«Қазгидромет» жайында біз не білеміз?

«Қазгидромет» жайында біз не білеміз?

Бүгін, 17 қыркүйекте Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен  Дүниежүзілік суды мониторингілеу күніне байланысты «Қазгидромет» РМК зертханасына баспасөз туры өтті. [caption id="attachment_73156" align="alignnone" > ©Айтжаг Мұрзанов[/caption] Экологиялық мониторинг департаменті мамандары Елордадағы Есіл өзенінен сынама алу процесін көрсетті.  Қоршаған орта ластануының мониторингі сынақ зертханасының басшысы Ербол Оразалин зертханада оларды  талдау және сапасына мониторинг жүргізу барысын түсіндірді. Оның айтуынша, жалпы – су сынамалары еліміз бойынша Қазгидрометтің 17 филиалында тексеріледі. Оның барлығы ИСО МЭК 17025 халықаралық стандарты бойынша рұқсаты бар зертханалар екен. [caption id="attachment_73157" align="alignleft" > ©Айтжан Мұрзанов[/caption] – Біздің елімізде су объектілерінің мониторингін «Қазгидромет» РМК жүргізеді. Жер үсті және теңіз суларының сапалық жай-күйінің мониторингі 143 су объектісінде орналасқан 424 нүктеде, оның ішінде 93 өзенде, 31 көлде, 15 су қоймасында, 3 арнада және 1 теңізде жүзеге асырылады. Жалпы республика бойынша бақылау 60 көрсеткіш: өлшенген заттар, ерітілген оттегі, сутегі көрсеткіші, магний, кальций, хлоридтер, сульфаттар, биогендік және органикалық заттар, ауыр металдар, пестицидтер және тағы басқалар бойынша жүргізіледі, –  деді Ербол Оразалин.

«Қазгидрометтің» талабы қандай?

Бүкіләлемдік суға мониторинг жүргізу күні 2003 жылдан бастап жыл сайын 18 қыркүйекте аталып өтуде.  Экологиялық мереке адамдардың өздері тұратын жердегі, ғаламшардағы су ресурстары проблемасы туралы хабардар болып отыруына, оларды табиғатты ластанудан сақтау шараларына жұмылдыруға бағытталған. [caption id="attachment_73158" align="alignnone" > ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Соның ішінде «Қазгидромет» РМК қоршаған орта ластануының мониторинг зертханасы (ҚОЛМЗ) ҚР Экологиялық Кодексінің талаптарына сәйкес қоршаған ортаны мониторингілеумен, су, ауа, түптік шөгінділер мен топырақтың сапасын талдаумен және бағалаумен  айналысады. Зертхана ИСО/МЭК МемСТ 17025 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» халықаралық стандартына сәйкестікке аккредиттелген. [caption id="attachment_73159" align="alignnone" > ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Мұндай бөлімшелер үшін аккредиттеу бес жылда бір рет жүргізіледі. Бұл жолы екі жылда бір рет «Қазгидромет» РМК зертханаларының қызметкерлері «Ұлттық аккредиттеу орталығы» уәкілетті органның инспекциялық тексеруінен өтеді. Тексерулерден өту мамандарымыздың құзыретін, сондай-ақ зертханалардың халықаралық стандартқа сәйкестігін растайды екен. [caption id="attachment_73160" align="alignnone" > ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Зертхананың аккредиттеу саласы атмосфералық ауаға, жер үсті суына, топыраққа, түптік шөгінділерге, атмосфералық жауын-шашынға таралады. ҚОЛМЗ спектрофотометрлер, атомдық-абсорбциялық спектрометрлер, иондық хроматограф және т.б. сияқты заманауи аналитикалық жабдықтармен жабдықталған. [caption id="attachment_73161" align="alignnone" > ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Санитарлық нормалардың нормативтеріне сәйкес, елордалық зертхана 168 шаршы метр ауданды алып жатыр. Зертханада 17 адам жұмыс істейді. Оның ішінде қол бекеттерінде сынама алатын мамандар мен қызмет көрсетуші персонал бар. Зиянды еңбек жағдайларына байланысты ҚОЛМЗ қызметкерлері жыл сайынғы медициналық тексеруден өтеді. Зертхана қызметкерлері жыл сайын оқудан және біліктілігін арттыру курсынан өтеді. [caption id="attachment_73162" align="alignnone" > ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Бұдан басқа, зертхананың прекурсорларды пайдалануға құқығы бар, бұл ерекше бақылаудағы химиялық заттар, оларды қолдануға рұқсат алу үшін лицензия және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органға тоқсан сайын есеп беру талап етіледі. [caption id="attachment_73163" align="alignnone" > ©Айтжан Мұрзанов[/caption]

Орал мен Жайыққа не болмақ?

Былтыр Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің тапсырмасымен халықтың қоршаған ортасының жай-күйі туралы экологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның жер үсті суының сапасы бойынша https://maps.hydromet.kz интерактивті картасы әзірленді. Онда Қазақстанның су объектілерінің әрбір тұстамасы қандай сапа класына жататынын және қандай көрсеткіштер бойынша нормативтерден асып кететіні байқалатынын білуге болатынын көз жеткізді. Осыған негізделе отырып, Орал өзенінің жағдайы қарастырылады. [caption id="attachment_73164" align="alignleft" > ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Батыс Қазақстан облысы жұртшылығымен болған онлайн-кездесуде осы қараша айында Көкшетау қаласында Қазақстан мен Ресей елдері шекаралық әріптестігі форумы өтетінін, онда Орал өзенінің жағдайы талқыланбақшы.

«Біздің министрліктің бастамасымен осы жылы қарашада Көкшетауда өтетін шекаралық әріптестік форумында басымдық Орал өзенінің жағдайына, Жайық өзеніндегі проблемаларға беріледі. Біз Ресей Федерациясына бірнеше рет барып, бұл мәселелерді көтергенбіз», - деді М.Мырзағалиев.

Онлайн-кездесуге қатысқан Экология министрлігі шекаралық өзендер департаментінің директоры Әлия Шалабекова өзенде гидрологиялық зерттеу жүргізу туралы келісімге қол жеткізілгенін айтты. Аталған зерттеуде гидротехникалық ғимараттардың өзенге әсері де ескерілетінін жеткізді.