БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туризм ұйымының болжауынша, туризмді қайта қалпына келтіру үшін кемі 3-4 жыл уақыт кетуі мүмкін, – деп жазады 24.kz.
Сарапшылар шектеу шараларын біртіндеп алып тастап, вакцина дайын болғанда, 2021 жылы сала қайта жандана бастауы мүмкін дейді.Бұл – 2008 жылғы дағдарыстан кейінгі рекордтық көрсеткіш. Коронавирустан туризмі ең көп зардап шеккен өңір – Азия. Одан кейін Еуропа, Африка, Таяу Шығыс пен АҚШ тұр.Қазіргі уақытта туризм саласының шығыны ғана есептеліп жатыр. Дүниежүзілік туризм ұйымы мамандарының хабарлауынша, биыл оның көлемі 460 миллион долларға жеткен.