Ескі смартфондарда WhatsApp жұмыс істемейтін болады

Ескі смартфондарда WhatsApp жұмыс істемейтін болады

2020 жылдың 1 ақпанынан бастап WhatsApp мессенджері ескірген операциялық жүйелері бар құрылғыларда қол жетімді болмайды. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады.

Шектеулер Android 2.3.7 және iOS 8 жүйелерінде жұмыс істейтін гаджеттерге әсер етеді. «Осы операциялық жүйелерді жаңартуды жоспарламағанымызға байланысты, кейбір функциялар кез келген уақытта оларда жұмысын тоқтатуы мүмкін», – делінген хабарламада. Сонымен бірге, қосымшаны жасаушылар Android 4.0.3 және iOS 9 операциялық жүйелерінде немесе осы ОС-тың кейінгі нұсқаларында құрылғыларды пайдалануға кеңес береді. WhatsApp – әлемдегі ең танымал хабарлама алмасушы мессенджердің бірі. 2018 жылғы ақпандағы мәлімет бойынша, қосымшаны бір жарым миллиардтан астам адам қолданған.