Ол әрі қарай карьерасын екінші лигада жалғастырмақ
Франциялық «Ницца» клубы сағат ұрлады деп күдікке ілінген шабуылшы Ламин Диабимен келісімшартты үзді.
Біраз күн бұрын киім ауыстыратын бөлмеден шабуылшы Каспер Дольбергтің құны 70 мың еуро тұратын сағаты жоғалған. Аз уақыт өткен соң 18 жастағы шабуылшы Диаби клуб базасына келіп, ұрлық істегенін мойындаған. Ол бас бапкер Патрик Виейра мен командаластарының алдында кешірім сұраған.
Дерек көзінің мәліметінше, Диаби әрі қарай карьерасын «Париж» командасында жалғастыруы мүмкін екен. Аталған клуб екінші лигада ең соңғы орында келе жатыр.
Диаби 13 жасынан бері «Ницца» клубында ойнап келе жатыр. Осы маусымда ол алаңға шықпаған.