14 жастағы бала лазерлік таяқшамен ойнап жүріп, соқыр болып қалды

14 жастағы бала лазерлік таяқшамен ойнап жүріп, соқыр болып қалды

АҚШ-та 14 жастағы бала лазерлік таяқшамен ойнап жүріп, бір көзінен айырылған.

Достарымен ойнап жүрген ол, таяқшаның жарығына көзін төсеп тұрып алған. Сол кезде баланың оң көзі бірнеше минуттай көрмей қалыпты. Артынан түзелгендей болған, бірақ көзінің көруі нашарлаған. Оны елемеген ата-анасы, баланы офтальмологқа 5 айдан кейін бірақ апарған.
Medical Express журналындың жариялаған медициналық қорытындысы бойынша, дәрігер баланың оң көзінің көруі нашарлағанын анықтады. Лазердің кесірінен көздегі жарыққа сезімтал фоторецептор жасушалары қатты зақымданған. Дәрігердің айтуынша, енді көз ешқашан толық қалпына келмейді екен.