Алимент төлемегені үшін көлігінен айырылды

Алимент төлемегені үшін көлігінен айырылды

Нұр-Сұлтан қаласы өңірлік жеке сот орындаушыларының палатасы бір айдан бері алимент төлемей жүргендерді іздестіріп жатыр.

Рейд барысында заң талабына бағынбаған борышкер ажырасқан соң, баласына 2016 жылдан бері алимент төлемей келген. Осы күнге дейін қарызы 3 014 961 теңгеге жеткен.

Нұр-Сұлтан қаласы өңірлік жеке сот орындаушыларының палатасы жетекшісінің орынбасары Мәдина Жанасаева: «Жеке сот орындаушы борышкерді іздеп тапты. Полицейлермен бірлесіп, автокөліктің техникалық паспорты мен кілті тәркіленді. 2014 жылы шығарылған Toyota Camry 55 маркалы автомобиль айып тұрағына қойылды. Енді мамандар көлікті бағалап, оны аукционға шығарады. Осы арқылы борышкер өз баласы алдындағы берешегін өтейді», – деді.