Нұр-Сұлтан қаласына жарыстан оралған Қазақстанның құрамасын халықпен бірге Nur Otan партиясының Jas Otan Жастар қанаты, БАҚ өкілдері, күтіп алды.
Үндістанның Бенгалуру қаласында су спортынан өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы елге оралды.
Жарыста бірінші ойында су добынан Қазақстан құрамасы Қытай командасымен кездесті. Матч дәстүрлі түрде қарсылас елдердің әнұранымен басталды. Дыбыстық жабдықтың техникалық ақауға байланысты Қазақстан Республикасының әнұраны 8-секундта кенеттен үзіліп кетті. Осы кезде Қазақстан құрамасы тосылып қалмай, Әнұранды жалғастырып, толығымен айтып шықты. Көрермен риза болып, қол соқты. Қазақстандық қыздардың ерлігіне тәнті болды.