Қытайлық сарапшы коронавирустың екінші толқыны қыста басталатынын айтты

Қытайлық сарапшы коронавирустың екінші толқыны қыста басталатынын айтты

Алдағы қыста Қытайда коронавирустың екінші толқыны болады, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы жұқпалы аурулар бойынша белгілі маман Чжан Вэньхун мәлімдеді. Шанхайдағы жоғары оқу орындарының бірінде баяндама жасаған ол Еуропа елдерінде індеттің екінші толқыны басталып кеткенін айтты. Қытайға да вирус өзге елдерден келуі мүмкін. Жақында үкімет өңірлердің індетке қарсы дайындығын тексеру үшін арнайы топ жіберді. Чжан Вэньхунның пікірінше, вакцинаны шығарып, адамзатты онымен қамту үшін әлі бір жылдай уақыт кетеді. Сондай-ақ маман жануарларда ғылымға беймәлім 800 мыңдай вирус бар екенін айтып кетті. Кез келген уақытта адамдарға да тарап кетуі мүмкін. Ал қазір әлем бойынша адамдар көп саяхаттайды. Сол себептен жаңа пандемияның басталу қаупі бар.