Бұрынғы президент жеке телефон нөмірін жариялады

Бұрынғы президент жеке телефон нөмірін жариялады

Дереккөздің жазуынша, АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама әлеуметтік желіде жеке телефон нөмірін жариялады.

«Жаңа бірдеңе жасап көрейік. Егер сіз Құрама Штаттарда болсаңыз, 773-365-9687 телефонына хабарлама жазыңыз. Жағдайыңызды, не туралы ойлайтыныңызды және осы жылы қалай дауыс беруді жоспарлап отырғаныңызды білгім келеді» делінген жазбада.

Обама қолы босағанда ел-жұрттың қойған сауалдарына жауап жазатынын айтқан. Айта кетейік, АҚШ-та президент сайлауы 3 қарашада өтеді.

Біз бұған дейін «Биліктен оңайлықпен кетпеймін» деген АҚШ-тың қазіргі президенті Доналт Трамптың пікірін жариялаған болатынбыз.