Шенеуніктер газ құбырын айналдыра салған жолды бір түнде бұзып тастады – видео

Шенеуніктер газ құбырын айналдыра салған жолды бір түнде бұзып тастады – видео

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында жөн-жосықсыз төселген жол туралы Lada.kz жазды.

Түпқараған ауданы Аташ ауылында газ құбырын айналдыра жол салу жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған. Тұрғындардың қарсылығынан кейін шенеуніктер 24 қыркүйек күні түнде жолдың асфальтін қайтадан бұзып, алып тастады. Арнайы жол белгісін қойып (суретте) газ құбырын қоршап қойды. Көлік жүргізушілеріне арнайы қоршауды айналып өту жол белгісі көрсетілген. Аташ ауылында жаңа жол салу, оны қайтадан алып тастауға қатысты жергілікті атқамінерлер әлі нақты ресми мәлімдеме жасамады. [caption id="attachment_74680" align="aligncenter" > Фото: Lada.kz[/caption]   https://youtu.be/wzprOCdopvE