Мәнерлеп сырғанаудан Қытайда өтіп жатқан Shanghai Trophy турнирінде әйелдер қысқа бағдарламалада өнер көрсетті.
Prosports.kz-тің жазуынша, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының көрсеткіші Евгения Медведевадан 3 балл төмен болған.
Бірінші орын екі дүркін әлем чемпионы, ресейлік Евгения Медведеваға бұйырды (72.16).
Екінші орынды қазақстандық Элизабет Турсынбаева (69.24) иеленді.
Үшінші орын оңтүстік кореялық спортшы Лим Юн-суда (62.97).