Қостанай облысының үш ауылы карантинге жабылды

Қостанай облысының үш ауылы карантинге жабылды

Қостанай облысының үш ауылында құс тұмауы тіркелуіне байланысты карантин жарияланды. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиев айтты.

«Сарыкөл ауданының Маяк ауылы, Ұзынкөл ауданының Сокол және Меңдіқара ауданының Красная Пресня ауылдары құс тұмауы тіркелгендіктен 21 күнге карантинге жабылды. Мүнда 400-ге жуық құс қырылып қалды. Өлген құстар арнайы орындарда өртеледі. Қазір мамандар тиісті шаралар жүргізіп жатыр. Ірі құс фабрикаларындағы жағдай бойынша ресми түрде хабарлайтын боламыз», - деді басқарма басшысы.
Қазір мұнда жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 21 мың дана вакцина алынған. Егу жұмыстары басталып кетті.