ҚазҰУ түлегі дәріс өткізді

ҚазҰУ түлегі дәріс өткізді

ZOOM платформасында эдвайзерлер Ж.Тоқтарова мен Е.Кимнің ұйымдастыруымен кафедра түлегі Рустам Қайрахметов 1 курс студенттеріне арнап «ҚазҰУ түлегінен кеңес» атты дәрісін өткізді.   Мәскеудегі Samsung Electronics компаниясының қызметкері әрі бірнеше Корей тілінен өткен жарыстардың жеңімпазы дәріс барысында білім жолын енді бастаған студенттерге оқу жылдарын қалай табысты өткізуге болатыны жайлы пайдалы кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ ол өзінің студенттік кезде шет елдерде жинаған тәжірибесін айтып, жастарды әр істе белсенді болуға шақырды.

Корейтану бөлімінің мақтанышына айналған Рустам дәрісінің соңын: «Әркім өзінің күші мен арманына сене білуі керек және зиянды әдеттер мен өзіңізге кері әсер ететін адамдардан аулақ болып, қиындықтардан мойымай, үлкен жетістікке жету үшін еңбектініңіз» деп аяқтады. 

  Дәрістен соң студенттер тарапынан түрлі сұрақтар қойылды. Көкейінде жүрген сауалдарына жауап алған студенттер онлайн кездесуді ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Әйгерім САЙЛАУКЕНОВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің 2-курс магистранты