Бұл туралы aikyn.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Таулы Қарабақтағы қақтығыста қайтыс болғандардың арасында бейбіт тұрғындар да бар.Рейтер агенттігінің мәліметінше, Әзербайжан тарапы Таулы Карабақтың бірнеше аймағын басып алған. Алғашқы қақтығыстан кейін Армения мен Таулы Карабах және Әзербайжанда жалпыұлттық мобилизация жүріп жатыр. Екі ел қақтығыстың басталуына бір-бірін айыптап отыр. Еске сала кетейік, кеше Армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезінде 16 сарбаз бен бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты. Тағы жүзден аса кісі жарақат алды.