Оңтүстікте үсік жүреді

Оңтүстікте үсік жүреді

Қазгидромет 29 қыркүйек – 1 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

"Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын солтүстік-батыс антициклоны қалыптастырады. Оның келуімен ауа райы жауын-шашынсыз болады", - делінген хабарламада.о
Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігіне ғана циклон жырасы әсер етеді, осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, қиыр оңтүстікте кезең соңында үсік жүруі мүмкін.