Қашықтан оқитын оқушылар да коронавирусқа шалдығып жатыр

Қашықтан оқитын оқушылар да коронавирусқа шалдығып жатыр

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева баспасөз конференциясында айтты.

«6 қыркүйектен бастап оқушылар арасында індет жұқтырудың 6 жағдай тіркелді. Оның ішінде, бір бала мектепке барып оқып жүрген, қалған бесеуі қашықтан білім алды», – деді қаланың санитар дәрігері.

Оның айтуынша, балалармен байланыста болғандардан коронавирус анықталмады.

«Барлығы 13 бала мен 6 мұғалім тексерілді. Мектеп дезинфекцияланды. Оқушылар мен мұғалімдер үйде карантинде болды», – деді Пралиева.

Бұған дейін бірнеше облыста оқушылар арасында коронавирус таралғанын жазған болатынбыз.