Күн күрт суытып, үсік жүреді

Күн күрт суытып, үсік жүреді

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.  Тек елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Қостанай, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстанның кей жерлерінде тұман түседі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл, жел қарқыны – 15-23 м/с. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел соғады. Жел жылдамдығы 15-23 м/с дейін күшейеді. Күндіз шаңды дауыл соғады. Түркістан облысының кей жерлерінде жел екпіні – 15-20 м/с. Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе облысының кей аймағында төтенше өрт қаупі сақталады.