Оқу жылы басталғалы 104 оқушы коронавирусқа шалдыққан

Оқу жылы басталғалы 104 оқушы коронавирусқа шалдыққан

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Министрдің айтуынша, 104 оқушының 33-і кезекші сыныптарға барған.

«Оқу жылы басталғалы бері 104 оқушы коронавирусқа шалдықты. Оның ішінде, 33 бала кезекші сыныптарда оқыған. 550 байланыста болғандар арасында анықталды. Қашықтан оқитын балалар арасында 71 жағдай анықталды», – деді министр.

Сонымен қатар министр оқушылар 100 пайыз қашықтан білім алса да, аурумен байланыста болғандар саны кем дегенде 1500 адамға дейін өседі деп болжам жасап отыр.

Оқушылар, мектеп қызметкерлері, отбасында науқастар саны өсуі мүмкін.