Департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, 32 жастағы қала тұрғыны синтетикалық есірткі сатқан. Сонымен қатар терроризмдi насихаттаған.
Сот психологиялық-филологиялық сараптамасы ол мәлімдемелері арқылы терроризмді насихаттағанын анықтаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кінәлі азамат өз кінәсін мойындады.– Тергеп-тексеру барысында, бұл азамат ДАИШ тобының содырларына қосылуды жоспарлаған. Бірнеше рет таныстарымен терроризмді насихаттаумен айналысқан, – деді Нұрхат Кенжебайұлы.
Сот оны есірткіні сақтағаны және сатқаны, сондай-ақ терроризмдi насихаттағаны үшін кінәлі деп тапты. Күдікті өз кінәсін мойындағанын ескеріп, оны 6 жылға бас бостандығынан айырды.