Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін - Цой

Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін - Цой

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан карантин қатаңдатылуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан адамдардың сақтығы төмендеп, маска тағу және арақашықтық сақтау секілді шараларды сақтамай жүргенін көріп отырмыз. Сондықтан коронавирустың таралу ауқымы кеңейіп, елімізде карантин қатаңдатылуы мүмкін. Қазір сақтық шараларын сақтаамағандықтан әлемнің көптеген елдерінде шектеу шаралары енгізіліп жатыр», – деді Алексей Цой Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, өңірлерде жүргізілген рейд шараларының нәтижесінде карантин жеңілдетілген сәттен бастап бұзушылықтар саны 30,4%-дан  40,7%-ға дейін артқан.