Америкалық Walt Disney короновирустық пандемияға байланысты бірқатар экономикалық проблемаларға тап болды. Соның салдарынан АҚШ-тағы 28 мың қызметкерін қысқартуға мәжбүр болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Aykin.kz тілшісі Bloomberg агенттігіне сілтей отырып хабарлайды.
Агенттіктің хабарлауынша круиздік кемелер, бөлшек сауда кәсіпорындарының қызметкерлері, сондай-ақ басшылық мүшелері қысқартылады. Олардың жартысынан көбі толық емес жұмыс күні режимінде қызмет еткен. – Бұл қадам қаншалықты ауыр болса да, бизнесімізді аман алып қалуға болатын жалғыз жол, – деді компания басшылығы. Жалпы пандемия басталғанға дейін компанияда 100 мыңнан астам адам қызмет еткен.