Төтенше жағдайлар қызметі өртті әлі өшіре алмай жатыр. Отқа оранған көк түтінді бірнеше шақырым жерден байқауға болады.
«Полигонның жалпы ауданы – 2,5 гектар. Отты сөндіру үшін бір мезетте су құйылып, топырақпен басып жатырмыз. Өрттің одан әрі жайылып кетеді деген қауп төніп тұрған жоқ. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жаты», - деді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерлан Ахашов.Мамандардың айтуынша, өрттің шығуы отты дұрыс пайдаланбағандықтан деп отыр. Әзірге құтқарушылар төтенше жағдай орнында жұмыстарын тоқтатпайды.