Елдегі экологиялық ахуалды жақсарту үшін 15 млн ағаш отырғызылмақшы

Елдегі экологиялық ахуалды жақсарту үшін 15 млн ағаш отырғызылмақшы

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Біріккен Ұлттар ұйымының Нью-Йорк қаласында өткен биоалуантүрлілік туралы саммитінде сөз сөйледі. [caption id="attachment_76306" align="alignleft" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

«Біздің еліміз биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі Конвенцияның жақтаушысы. Алдағы қадамымыз – 2030 жылға дейінгі биологиялық алуантүрлілікті сақтау және тұрақты қолдану Концепциясын қабылдау. Қазақстан Үкіметі тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру үшін орман қорын қорғау және жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Ерекше қорғалатын аумақтар үлкейіп жатыр. Жануарлардың миграциясы үшін экологиялық дәліздер жасалуда», - деді ол.
Сонымен бірге М.Мырзағалиев қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаевтың тапсырмасымен экологиялық ахуалды жақсарту үшін орман қорында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылатынын жеткізді. [caption id="attachment_76307" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештің басшылығымен өтткен жиында бірқатар мемлекеттердің басшылары, Үкімет басшылары мен мүшелері мәлімдеме жасады.
Айта кетейік, БҰҰ-ның бұл саммитінде адамзат биоалуантүрлілік деградациясы әсерінен бастан кешіп жатқан дағдарыс талқыланды. Мемлекеттер көшбасшылары мен өкілдері 2020 жылдан кейінгі кезеңде биоалуантүрлілікті сақтау бойынша жасалатын жаһандық бағдарламаға қатысты пікірлерін білдірді. Аталған бағдарлама 2021 жылы өтетін биоалуантүрлілік туралы тараптар Конвенциясының 15-ші Конференциясында қабылданады.