Қазақстанда 59 бала COVID-19-дан емделіп жатыр

Қазақстанда 59 бала COVID-19-дан емделіп жатыр

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 308 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 59 бала бар. Стационарларда 1 813 науқас жатыр, 1 495 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 94 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқас хал үстінде жатыр. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген ДСМ хабарламасында.