Коронавирусты көбінесе кімдер тарататыны белгілі болды

Коронавирусты көбінесе кімдер тарататыны белгілі болды

Принстон, Джон Хопкинс, Калифорния университетінің ғалымдары әлемде коронавирустың көп таралуында көбінесе балалар мен жастар себеп болғанын анықтады. Алайда олар өздері көп ауырмаған, - делінген  Science журналында жарияланған мақалада. Ғалымдар Үндістанның оңтүстік-шығысындағы 575 мың тұрғын арасында 85 мың адамның SARS-CoV-2 инфекциясын жұқтырғанын анықтады. Коронавирус жұқтырған адамдардың 71 пайызы вирусты басқа адамдарға жүқтырмағаны, індетке шалдыққандардың 8 пайызы 60 пайыз адамға жұқтырғаны белгілі болды. Үндістанда коронавирустан жүз мыңға жуық адам көз жұмған. Зерттеушілер науқастар ауруханаға түскен соң 6 күннен кейін қайтыс болғанын анықтады. Ал АҚШ-та орта көрсеткіш бойынша адамдар 13 күннен кейін қайтыс болған. 50-64 жастағы адамдар қауіпті топқа кірген. Алайда коронавирус жұқтыру жағдайының үштен бірі тиесілі балалар мен жастар халық арасында індетті басты жұқтырушы екені анықталды.