Қарағандыда жаңа туған нәресте жедел жәрдем көлігінде шетінеп кетті.
Нәресте өте ауыр жағдайда дүниеге келгендіктен, оны жасанды тыныс алу аппаратына қосу қажет болған. Бірақ баланы облыстық перинаталды орталыққа алып бара жатқан кезде шетінеп кетті.
Баланың әкесі айтқандай, оның әйелі жүктілік кезінде барлық медициналық сараптамаларды дер кезінде тапсырып отырған және де олардың қорытындысы жақсы болған. Жүкті әйел 26 қыркүйекте ауруханаға түскен. Алайда, бірнеше күннен кейін дәрігерлер оған босануға әлі ерте деп үйіне қайтарған.
Осы оқиғаға байланысты Қарағандының Денсаулық сақтау басқармалары: «Туу кезіндегі баланың жағдайы өте ауыр болды. Ана балаға жүктілік кезінде екі рет бермиди вирустық инфекциясымен ауырған. Ана мен балаға медициналық көмек денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен диагностика және емдеу хаттамаларына сай жүргізілді. Өкпені жасанды желдету аппараты басқа пациенттерді емдеуге қатыстырылғандықтан, баланы мамандандырылған көлікте облыстық перинаталдық орталыққа ауыстыру туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру жүргізуде. Оның нәтижелері кейінірек жарияланады», — деп түсініктеме берді.