Қарағанды қаласында қоғамдық көліктерге 8 қазанда аялдамада белгісіз береу пневматикалық қарудан адамдар отырған жолаушылар автобустарына оқ атқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, ешкім зардап шекпеген.
— Оқиға 45 орам аялдамасында кешкі 19:00-де болды. Белгісіз адам аялдама маңында тұрып, бұзақылық әрекеттермен №40, 45, 33 бағытында жүретін автобустардың терезесін сындырған. Ол пневматикалық қарудан оқ атты. Оқиға болған кезде автобус салонында шамамен екі жүздей жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ, — деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Полицейлер автобустың бірінен диаметрі — 4,5 милиметр металл шарик тапқан.
Оқыс оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы («Бұзақылық») бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер бұзақының кім екенін анықтау және ұстау шарасын жүргізіп жатыр.