«Челсидің» бұрынғы қақпашысы хоккей клубымен келісімшартқа отырып, айдынға шығып та үлгерді (видео)

«Челсидің» бұрынғы қақпашысы хоккей клубымен келісімшартқа отырып, айдынға шығып та үлгерді (видео)

2004-2015 жылдар аралығында «ақсүйектермен» 15 трофей жеңіп алды

Футболдан «Арсенал» және «Челси» клубтарының бұрынғы қақпашысы Петр Чез Ұлыбритания чемпионатының екінші дивизионында ойнайтын «Гилфорд Финикс» хоккей клубымен келісімшартқа отырды. 

Қақпашы алғаш рет айдынға 13 қазан күні шықпақ. Клуб мәліметінше, ол мұз айдында әбден дайындалып, сосын барып келісімшартқа отырған. 

«Феникс» сапында ойнау мүмкіндігі туындағаны үшін қуаныштымын. Команданың маусымда алға қойған мақсатына жету үшін көмектесемін деп ойлаймын. Футболдағы 20 жылдан кейін бұл мен үшін ерекше тәжірибе болмақ. Бала кезімнен ойынның осы түрін қарағанды және ойнағанды ұнататын едім» дейді Чех.

Футболшы ойыншылық мансабының ең көп бөлігін «Челси» сапында өткізді. 2004-2015 жылдар аралығында «ақсүйектермен» 15 трофей жеңіп алды. 2019 жылдың көктемінде қақпашы карьерасын аяқтағанын мәлімдеген еді. 

https://youtu.be/tFUUqH5Fk-A