Жол апатынан 9 адам көз жұмды

Жол апатынан 9 адам көз жұмды

4 қазан күні Атырау облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды. Атырау-Ақтөбе бағытындағы тас жолда екі көлік соқтығысып, екі көліктің жүргізушісі, жолаушылар – барлығы 9 адам түгелдей көз жұмды.

Бұл туралы facebook-те ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жазды. Оның сөзінше, қазіргі уақытта қаза тапқандардың аты-жөні анықталуда, оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Ал күндіз қайғылы жол-көлік оқиғасы Павлодар облысында тіркелді. Тас жолдың бойында ВАЗ-21041 автокөлігі мен МТЗ тракторының тіркемесі соқтығысып, жеңіл автокөліктің жүргізушісі және оның барлық төрт жолаушысы мерт болды.