Сәби 1 қазан күні Қостанай облысындағы Рудный қалалық көпсалалы ауруханасында дүниеге келді. Оның есімі – Елжан. Аурухананың акушерлік-гинекологиялық бөлімінің меңгерушісі Людмила Тулебаеваның айтуынша, мұндай жағдай өзінің көп жылдық тәжірибесінде бірінші рет болып отыр.
«Әрине, 5800 грамм, 5900 салмақтағы нәрестенің дүниеге келгені болды. Бірақ дүниеге алып сәбидің келуі – бірінші рет. Ол – отбасындағы төртінші бала. Бастапқыдан-ақ оның үлкен екенін байқап, баланы кесар тілігімен алдық», - дейді дәрігер.