Алматы қалалық «Jas Otan» жастар қанаты Абай атындағы ҚазҰПУ-мен бірлесіп шаһардың жұмысшы жастары арасында «Jas Otan» Жастар қанатының 20 жылдығына орай «Дүйсенбілік футбол-2020» турнирінің салтанатты ашылуын өткізді.
Аталмыш додаға қала базарларының, ТҚС және шаштараздардың жас қызметкерлерінен құралған 20 командадан өтініш келіп түсті. Турнир бір аптаға созылады. Шараның мақсаты – жұмысшы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, футболды және бұқаралық спортты дамыту.
Расында да турнирдің басты ерекшелігінің бірі – қатысушылардың түрлі саладан екендігі. Бұл қала жастарының бір-бірімен жете танысып, алдағы уақытта етене араласып, достық қарым-қатынас орнатуына да сеп болады деген үміт бар.– Бүгінгі турнир қаламыздың жұмысшы жастары үшін жасалып жатқан жақсы бастама. Кейде уақытымның тығыз болуына байланысты спортпен жиі шұғылдана алмаймын. Осы турнирдің арқасында менің спортқа деген ынтам қайта арта түсті. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін! – деді турнирге қатысушы жұмысшы жастар өкілі Арыстан Шоманов.
Турнирдің жүлде қоры – 600 000 теңгені құрайды. 1-орынға 300 000 тг, 2-орынға 200 000 тг, 3-орынға 100 000 тг көлеміндегі ақшалай сыйлықтар табысталады. Сонымен қатар «Үздік сұрмерген», «Үздік шабуылшы» және «Үздік қақпашы» сынды номинациялар қарастырылған. Шешуші ойын 12 қазанда өтеді.