Үкімет отырысының күн тәртібінде 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі республикалық бюджеттің орындалуы және әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралады,–деп хабарлайды primeminister.kz.
Үкімет отырысында қаралатын тағы бір мәселе, астық жинау науқанының аяқталуы. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаровтың, вице-министр Р.Құрмановтың, сондай-ақ «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры Н.Даирбековтың қатысуымен ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы баспасөз конференциясы өтеді.
Үкімет отырысының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан,YouTube ресми арнасынан және Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көруге болады.