Пай-пай, шіркін, қазақтың дастарқаны!

Пай-пай, шіркін, қазақтың дастарқаны!

Шымкенттегі «Наурыз» алаңында «Рухани жаңғыру» және «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында қазақтың ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарын дайындаудан дәстүрлі «Қазақ дастарқаны» көрме-фестивалі өтті. Іс-шараны Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұйымдастырды. Фестивальға қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, діни конфессия өкілдері, этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері қатысып, жайылған дастарқанға баға берді.

Көрме-фестивальға бар­лығы 11 этномәдени бірлестік қазақ­тың ұлттық тағамдарын дайындап ұсынды. Оны қалай дайындау тәсілін түсіндірді. Табаға нан жауып, ыстық бауыр­сақ пісіріп, күбі пісіп көр­­сетті. Көпшілік бұл күні ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдардан дәм татты. Соны­м­ен қатар асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту секілді қазақтың ұлттық ойын түрлері мен этно­мәдени бірлестіктер жанын­дағы өнер ұжымдары дайын­да­ған концерттік бағдарламаны тамашалады.

– Фестивальға қазақтың ұлт­тық тағамдарын өз қолым­мен дайындап әкелдім. Қазақ­тың барлық ұлттық тағамдарын үйде жасап, пісіреміз. Қазақша ет асу, сірне, қазы-қартаны той­да, туған күндерде дайын­дай­мыз, – деді түрік этно­мәде­ни бірлестігінің мүшесі З.Байрам.

– Қиын-қыстау кезеңде қа­зақ жерінен пана іздеп кел­ген­дерді осы ұлттың дәм-тұзы аман алып қалған болатын. Сондықтан қазақ дастарқанын ерекше құрметтейміз, – деді неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Ю.Бахман.

«Қазақ дастарқаны» фес­ти­валі Қазақстан халқы ассам­блея­­­сының бастамасымен 2015 жыл­дан бері өткізіліп келеді. Бұған дейін өңірдегі этнос өкіл­дері қазақтың ұлттық таға­мы ет асудан және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ая­сын­да ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдар­ды әзірлеуден сайысқа түскен болатын. «Іс-шараның мақсаты – қаладағы этностарды игі бас­та­маларға ұйыстыру арқылы мемлекет құрушы қазақ халқы­ның ма­ңайы­на топтастыру, ұл­ты­­­­­мыз­­дың қонақжайлық дәс­­­түрін дәріптеу, рухани құн­ды­­­­лық­та­ры­мызды жаңғыр­ту. Қа­зақтың ас мәзіріндегі ұлттық тағам­дардың алуан түрін көп­ші­лікке паш ету» дейді ұйымдас­ты­ру­шы­лар.


Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы