Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, трамвай жүргізушісі вагондардың арасына қысылып қалған.
«6 қазан күні, сағат 14.00 кезінде Павлодардағы Ломов көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында трамвайды жөндеу кезінде 46 жастағы жүргізуші вагондар арасында қысылып қалды», - деп хабарланды.
Жарақат алған ер адам қазір ауруханада екен.