Қытайда 31 жыл бұрын ата-анасынан ұрланған бала отбасымен қауышты

Қытайда 31 жыл бұрын ата-анасынан ұрланған бала отбасымен қауышты

Қытайда 31 жыл бұрын ата-анасынан ұрланған бала отбасымен қауышты, - деп жазады Daily Mail.

1989 жылы қазанда  Гуйчжоу провинциясында Лэй мырза мен оның әйелі Цзяньның үйінің алдында бейтаныс адам пайда болды. Ер адам өзінің саяхатшы екенін айтып, олардан өзін ақысына бір аптаға үйлеріне тұрғызуды сұрады. Сөйтіп, ата-анасы үйде жоқта олардың бір жасар ұлын алып қашып кетті.  Баланы әке-шешесі полициямен бірге он күн іздеді, алайда таппады. 30 жылы бойы олар балаларын іздеп таппай, ақыры күдер үзді. Тек 2020 жылдың жазында оларда бір мүмкіндік пайда болды. Шілдеде  Шувэнь есімді ер адам Цзянсу провинциясының Пичжоу  қалалық уезінің полиция бөліміне жеке куәлігін жаңарту үшін келген. Рәсім аясында одан қан алынып, ұлттық базадағы ДНК-мен салыстырып көрді. Полицейлер оған 31 жыл бұрын ата-анасынан ұрланғанын хабарлады. Жаңалық Шувэньге басынан жай түскендей әсер етті. Оның екі баласы мен әйелі бар екен. Айтуынша, ол бұл оқиғаны білмейді екен.  Шувэнь өзін асырап алған ата-анасы өзіне жақсы қарағанын, оларға шағымы жоқ екенін айтты.

6 қазанда ол өз ата-анасымен кездесуге келді.  Лэй мен Цзян баласын құшақтап, жылап жіберді.

"31 жыл өтті. Осы уақытта біз сені іздеп, тосудан жалықпадық. Сені енді таптық", - деді әкесі. Ер адам өз ата-анасын қамқорлығына алып, балалары мен әйелін әкеп тұратынын айтты. Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында әйелдің өз баласын өлтіріп, тоңазытқышқа салып қойғанын жазған болатынбыз.