Коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елдегі медициналық және қорғаныш маскалардың бағасы тағы төмендеді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдар мен «Атамекен» АЭС-пен және отандық өндірушілермен талқылаудың қорытындысы бойынша қорғаныс бетперденің ең жоғары бөлшек сауда бағасын 40 теңге, бір реттік медициналық бетперде – 60 теңге мөлшерінде анықтады», - делінген хабарламада.Бүгін вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен отырыста коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық аясында жаңа шаралар әзірленді.