Олар Норвегиямен тең түсті
Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі аясында Испания мен Норвегия құрамалары кездесіп, тең тарқасты (1:1).
Бір қызығы, осы матчта Испания құрамасы сапында 11 клубтың ойыншысы бірінші минуттан алаңға шықты.
Бас бапкер Роберт Морено мына ойыншыларды негізгі құрамда алаңға шығарған.
Қақпашы: Кепа Аррисабалага («Челси»),
Қорғаушылар: Хесус Навас («Севилья»), Рауль Альбиоль («Вильярреал»), Серхио Рамос («Реал»), Хуан Бернат («ПСЖ»),
Жартылай қорғаушылар: Микель Ойарсабаль («Реал Сосьедад»), Серджио Бускетс («Барселона»), Фабиан Руис («Наполи»), Сауль Ньигес («Атлетико»),
Шабуылшылар: Дани Себальос («Арсенал»), Родриго («Валенсия»).
Бұл 99 жылдан бері, яғни 699 матчтан кейін қайталанып тұрған ерекше құбылыс.
https://youtu.be/0llVuOQYQNk