Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шабындықтағы шөпті жинау барысында өрт шыққан.
«Жылыой ауданының «Манас» шаруа қожалығында 28 шөп орамы, Құрманғазы ауданы, Жапырық ауылындағы жеке тұрғын үйдің ауласында жиналған 6 шөп орамы, Байда ауылдық округінің Батпақ көпір учаскесіндегі «Төреғалиева» шаруа қожалығында 1200 шөп орамы жанып кетті. Сондай-ақ, Индер ауданы, Есбол ауылдық округінде тіркелген «Амандос» шаруа қожалығында 50 шөп орамы, Қызылқоға ауданы, Жантерек ауылындағы №57 үйдің ауласында тұрған 18 шөп орамы да өртенді» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.