Елордада алғаш рет заң, бизнес, білім, ғылым, БАҚ, т.б. салалар мен Jas Otan жастар қанаты өкілдерінің қатысуымен латын графикалы жаңа әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртудың өзекті мәселелері талқыланады.
Мұнда Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» атты форум өтеді.
Шара аясында жаңа әліпби негізінде жаңғырған қазақ тілінің қазіргі заман сұранысына сай өміршеңдігін арттыру жолдары қарастырылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кез келген ЗАҢ мәтінін алдымен мемлекеттік тілде әзірлеуді ұйымдастыру, отандық бизнесті қазақшаландыру сынды өзекті тақырыптар талқыланады.
Форум барысында жаңа әліпби мен қазақ тілін оңай әрі тиімді жолмен үйрететін заманауи интерактивті құралдардың көрмесі өтеді. Мұнда «Тіл-Қазына» орталығы әзірленген жаңа ІТ-жобалар таныстырылып, көпшіліктің қолданылуына ұсынылады.
Жаңа әліпби емлесіне қатысты жұрт көкейінде жүрген сауалдарға нақты жауап беріледі.