Алматыда праймериз бақылаушылары партияішілік іріктеудің жоғары ұйымдастырушылық деңгейін атап өтті.
Бақылаушылардың басым бөлігі өз әсерімен әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында бөлісті. Олардың ішінде Рита Боранбай, Равиль Сәтімбеков, Эльмира Кенжебаева, Гүлзат Мамиева, Қуаныш Сисембаев, Мұхтархан Шоқан, Амангүл Төлеева, Әділ Саттар және басқалар бар. Олар ең алдымен сайлау учаскелерінің дайындықтарының жоғары болғанын, ұйымдастырушылық деңгейі көңілге қонатынын, сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби тәжірибесін атап өтті.