Шымкенттің бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың карантинді үзарту туралы қаулысы шықты. Жаңа қаулыға сәйкес Шымкентте шектеу шаралары 26 қазанға дейін ұзартылды. Азық-түлік және азық-түлік емес базарлар мен жәрмеңкелерге толымдылығы 30 пайыздан аспайтын және ауданы бір адамға кемінде 4 шаршы метрден болған жағдайда 6.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Демалыс және мереке күндері жабық базарларға тыйым салынады.
"Жәрмеңкелердің қызметін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асыру, оның ішінде дезинфекциялық тоннель мен санитайзерлер орнатуды қамтамасыз ету керек", - делінген қаулыда.Сондай-ақ, жаңа құжатта жәрмеңкелерде балалар ойын алаңдарының, батуттар мен фуд-корттарының жұмысына тыйым салу алынып тасталған. Құжат Шымкент қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланды.