Қазақстан Ресеймен көмір дауына байланысты ай сайын 11 млн жоғалтады - БАҚ

Қазақстан Ресеймен көмір дауына байланысты ай сайын 11 млн жоғалтады - БАҚ

Қазақстан мен Ресей арасында көмірге қатысты дау туған. Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстан көмірін Украинаға жеткізуде Ресей кедергі келтірген дейді. Салдарынан ай сайын Қазақстан шамамен 11 миллион доллар жоғалтқан.

БАҚ ақпарынша Украинаға экспорттың шектелуі Ресейдің ішкі нарығындағы тауардың көбеюіне әкеп соғып, ресейлік тұтынушылар Қазақстаннан келген көмірден бас тарта бастаған. Сонымен қатар шикізат бағасы айтарлықтай төмендеген. Енді отандық көмір өндірушілер қосымша нарықтар іздеуге мәжбүр.

Rueconomics.ru ақпарынша 1 шілдеден бастап Украинаға көмір эскпорты мен өзге де мұнай өнімдерін жеткізу РФ Экономикалық даму министрлігінің рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Аталған шектеулер ресми түрде транзиттік жүктерге қолданылмайды, бірақ іс жүзінде Мәскеу осы транзакциялар көлемін белгілейді. Мәскеу мұны мойындайды, бірақ Қазақстан мақұлданған лимит көлемінен еш аспағанын алға тартады.

«Коммерсант» басылымының хабарлауынша, Қазақстанның Ресеймен арасындағы дауға түрткі болған ай сайын 11 млн-нан айрылу болып отыр.

Қазақстан тарабы аталған мәселені 25 қазан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында қарау туралы бастама көтерді.