Euronews жариялағандай, Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, өткен тәулікте 75 мыңнан астам вирус жұқтырған.
Биыл аталмыш мереке 14 қарашада өтеді.Бұл ретте вирус жұқтырғандар санының өсімі тәулігіне қыркүйектегі 100 мыңнан 70 мың адамға дейін кеміген. Соған қарамастан Үндістан әлемде вирус жұқтырғандардың саны жағынан бірінші орында тұр. Осы уақытта 108 мыңнан астам үндістандық COVID-19 вирусының құрбанына айналды. Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігі вирус жұқтырушылар саны өсімінің төмендеуіне байланысты жағдайды үндістандықтардың жаңа жылы - Дивали мерекесіне дейін бақылауға алуға мүмкіндік туады деген үмітте.