Тараз – Мойынқұм әуежолы ашылады

Тараз – Мойынқұм әуежолы ашылады

Облыс орталығы Тараз қаласы мен Мойынқұм ауданы арасында әуе тасымалы іске қосылады. Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов ауданға арнайы барған жұмыс сапары барысында тұрғындардың тілегіне көңіл бөліп, жауаптыларға нақты тапсырма берді. Мойынқұм – облыс орталығынан ең шалғай орналасқан аудандардың бірі. Екі ортадағы жол қиындығы қатынап жүрген жолаушылардың көптен көңілінде жүргені даусыз. Бұл мәселе енді оңынан шешілмек.

– Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметовтің тап­сыр­­­масына сәйкес, облы­сы­мыз­дағы шағын авиацияны дамыту қарастырылып отыр. Бүгінгі таңда облысымыздың орталы­ғы­нан Мойынқұм және Төле би ауыл­дарына әуе мар­шрут­тарын ашу мүмкіндігін зер­­делеу, со­ның ішінде қажет­ті­лікті анық­тау, әуеайлақ салу­ға кететін шы­ғын көлемін анық­тау бо­йын­ша жұмыстар жүр­гізілуде, – дейді облыстық жо­лау­­шылар көлігі және авто­мобиль жол­дары басқар­ма­сының басшысы Бақытжан Жәні­беков.

Айта кетейік, Мойынқұм ауы­лынан облыс орталығына бір кездері яғни, 1966-1990 жылдар аралығында күнделікті 2 рет АН-2 және ЯК-40 ұшақ­тары­мен әуе тасымалы қызмет көрсеткен. Алайда еліміз тәуел­сіздігін алған жылдары қаржылық қиындықтарға байланысты аталған әуе мар­шру­ты жұмысын тоқтатқан бола­тын. Алдағы уақытта ол қайта жанданып, көптің тілегі орындалмақ. Әуе тасымалы іске қосылғанда екі арадағы автокөлікпен жүрілетін 4-5 сағаттық жол екі есе қысқарып, 1-1,5 сағатта жетуге мүмкіндік туады деп күтілуде. Бүгінде ауданда әуеайлақ салу үшін арнайы жер де белгіленіп қойған.

 

Жамбыл облысы