Қызылорда облысы Қазалы ауданында Ресейден Қырғызстанға күнбағыс майын алып бара жатқан жүк көлігі өртеніп кетті. Оқиға Қазалы ауданы Майлыбас елді мекені тұсындағы «Самара-Шымкент» тас жолы бойында болды. Онда Ресейдің Қазан қаласынан Қырғызстан астанасы - Бішкекке жол тартқан «Volvo FH12» жүк көлігі толығымен жанып кетті.
«Көлікке 21,5 тонна күнбағыс тиелгені анықталды. Өрт толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.