Шымкентте ата-анасы аз уақытқа қараусыз қалдырған бала байқаусызда бензин ішіп алған. Соның кесірінен баланың ауызы ғана емес, өңеші мен асқазаны қатты күйіп қалған. Баланы бірден жедел жәрдем Орынбаев атындағы қалалық гипербариялды-оттегі орталығына жеткізді. Дәрігерлердің балаға көрсеткен жедел көмегінің арқасында оның өмірін сақтап қала алды. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.
Бала бүгінде өздігінен тамақтана алады. Дәрігерлердің болжауынша, бала жазылу алдында, бірнеше күннен соң аураханадан шығарылуы да мүмкін. [embed]http://www.facebook.com/100009066549312/videos/2641702679475258/[/embed]«Бала емдеуді жалғастыруда. Қазір токсикологтар оның жағдайын бақылап отыр. Ол толық сауығып кеткенше орталықта болады», – деді гипербариялды-оттегі орталығының дәрігері Шерзат Октябров.