Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның карантиндік режимді күшейту туралы қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес: - 65 жастан асқан азаматтардың далаға шығуына шектеу енгізілді; - түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді (өңірдің көшелерінде жүру). - демалыс күндері автобустардың жүруіне тыйым салынды; - такси екі адамнан артық тасымалдамауы тиіс; - саябақ, скверлерде 3 адамнан артық топ болып жүруге болмайды; - аумағы 1000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары, сауда, ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік емес дүкендердің жұмысы шектеледі. Жұмыс күндері сағат 19:00-ге дейін ашық болса, демалыс және мереке күндері жабық болады; - жұмыс күндері азық-түлік дүкендері мен жабық базарлардың жұмыс уақыты 17:00 дейін шектеледі. Демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді; - азық-түлік дүкендері мен мейрамханалардың жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгіленді; - қоғамдық тамақтану орындары 30 келуші немесе сыйымдылығының 50 пайызын ғана қабылдауы тиіс; - мемлекеттік органдар қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі; - ХҚО жұмыс кестесі шектеледі. - фитнес-орталықтар сыйымдылығының 50 пайызын ғана қабылдауы тиіс; - 5-тен 180-ге дейін оқушысы бар мектептерге сыныпта баланың санын 15-тен асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі; - пошталар сағат 14:00 дейін ғана жұмыс істейді. Қаулы 2020 жылдың 16 қазанында сағат 00:00 күшіне енеді.