"Бұл мамандар кімге керек?": Елбасы отандық ЖОО-ды сынға алды

"Бұл мамандар кімге керек?": Елбасы отандық ЖОО-ды сынға алды

Нұрсұлтан Назарбаев 18 қазанда өз төрағалығымен өткен жиында «100 нақты қадам» бағдарламасында ЖОО-ның санын оңтайландыруды тапсырғанымен, Қазақстанда олардың саны артып келеді деді.

«Біз Жоғары оқу орындарын қайта құрып, оларды халықаралық стандарттар негізінде оңтайландыру туралы міндет қойдық. Алайда олардың саны қысқарған жоқ. Мәселе санында емес, кімді оқытып шығарып жатқандарында. Бұл мамандар кімге керек? Біз қазір жұмыс таба алмай жүрген қаншама заңгерлер мен экономистерді шығардық», - деді Елбасы.

Назарбаев не мамандық, не сапалы оқытушылар құрамын тарта алмайтын оқу орындарын жабу керек деп есептейді.

«Бұдан өзге оқу орындарының саны артып келеді. Мен міндетті түрде қысқарту керек демеймін. Оқыту үшін оқу орнының базасы бар ма? Зертханалық кешендері бар ма? Мен қазақстандық ЖОО білікті мамандарды даярлап шыққанын қалаймын», - деді Елбасы.