Қазақстан чемпионатының 30 турнирында «Астана» «Қайрат» құрамасын жеңді. Кездесу «Астана Аренада» өтіп, 3:1 есебімен «Астаналықтардың» есебіне шешілді.
Ойынның сегізінші минутында Марин Томасов қарсылас қақпасына гол соғып, алаң иелерінің кім екенін көрсетті. «Қайраттың» есепті теңестіруге мүмкіндігі болды, алайда ойыншылардың дәлдігі сыр беріп жатты.
Кездесудің 61 минутында «Астана» қарқынды күшейтіп, Сергей Хижниченконың шеберлігімен есепті екі еселеді. Ал 68 минутта Рада Дугаличтың күш-жігерінің арқасында "Қайрат" қарсылас қақпасының саңлауын тапты.Матчқа астаналық Рангело Янга нүкте қойды. Ойын соңында алаңға жаңадан шыққан ойыншы қарымта шабуылды тиімді пайдаланып, үшінші голдың авторы атанды.
Жеңіліске қарамастан «Қайрат» турнир кестесінде 62 ұпаймен лидерлікті сақтап қалды. «Астана» болса, екінші орынға табан тіреді. Үштікті «Тобыл» түйіндеді.