Нұр-Сұлтанда болған отбасылық кикілжің атыспен аяқталды. Бұл туралы қалалық полиция Департаменті хабарлайды.
20 қазан сағат 22:19-да полицияға 55 жасар әйел мен 5 жастағы баланың оқ атылып, жарақат алғаны туралы хабар келіп түседі.
«Отбасылық кикілжің барысында 59 жастағы ер адам мас күйінде әйелі мен басқа некеден туған ұлын жаралаған. Әйел алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды, бес жасар бала емханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары басталды», - деп хабарлады полиция Департаментінің баспасөз қызметі.
Күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторына жабылды.